"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Балқаш аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 28-130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120352 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Б. Несіпбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы | К. Омаров |