Жамбыл ауданының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 138 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 5 мамырда № 5994-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 100 (жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы әкімі Н. Ертас
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл аудандық мәслихаты

Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Жамбылского района

Постановление акимата Жамбылского района Алматинской области от 5 мая 2023 года № 138. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 5 мая 2023 года № 5994-05

      В соответствии с подпунктом 9) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 19 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", акимат Жамбылского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить тариф на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Жамбылского района в размере 100 (сто) тенге.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Жамбылского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылского района Н. Ертас
      "СОГЛАСОВАНО"
      Маслихат Жамбылского района