"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 31-163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120256 болып тіркелген) Жамбыл аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Сабировқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың төрағасы | М. Амиргалиев |