"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26-29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120186 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сатыбалдиев Беглан Билибайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Ахметов |