"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу және Долайты ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Жүсіп Баласағұн" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Ахмет Иүгінеки" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Буғра хан" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Томирис" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Махмұд Қашқари" көшесі.
2. Үлкен Ақсу ауылдық округінің Кіші Ақсу ауылының атауы жоқ көшесіне келесі атау берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Өрнек" көшесі.
3. Үлкен Ақсу ауылдық округінің Долайты ауылының атауы жоқ көшесіне келесі атау берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Достық" көшесі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі | А. Курбаниязов |