"Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Шымкент қаласы әкімінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 564 қаулысына 1-қосымша |
2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 15.12.2023 № 2845 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия соммасы, теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 1 077 | 10 770 000 |
2. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 19 | 2 850 000 |
3. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 70 779 | 14 155 800 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1. | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 400 000 | 104 | 41 600 000 |
5. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
5.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 4 323 885 | 86 477 700 |
5.2. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 23 336 748 | 466 734 960 | |
Қой шаруашылығы | |||||
6. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
6.1. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 4 000 | 1 361 | 5 444 000 |
6.2. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 7 280 | 18 200 000 | |
7. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 233 | 3 495 000 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
8. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылыстыру маусымы | 40 000 | 497 | 19 880 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
9. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 263 100 | 15 786 000 |
Балара шаруашылығы | |||||
10. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 10 625 | 53 125 000 |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||||
11. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 2 070 | 72 450 000 |
11.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 50 000 | 567 | 28 350 000 | |
11.2. | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 70 000 | 336 | 23 520 000 | |
12. | Қойлардың аналық басы | 8 000 | 10 418 | 83 344 000 | |
13. | Жылқылардың аналық басы | 30 000 | 918 | 27 540 000 | |
14. | Шошқалардың аналық басы | 7 000 | 731 | 5 117 000 | |
Жиыны | 978 839 460 | ||||
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылы резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 173 | 1 730 000 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
2. | Сүт өндіру құнынарзандату: | ||||
2.1. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 1 014 888 | 20 297 760 |
Қой шаруашылығы | |||||
3. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
3.1. | Қойлардың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 2 500 | 2 080 | 5 200 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
4. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 (бес) миллион данадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген дана | 3 | 8 240 260 | 24 720 780 |
Балара шаруашылығы | |||||
5. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 2 314 | 11 570 000 |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||||
6. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 123 | 4 305 000 |
6.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 50 000 | 113 | 5 650 000 | |
7. | Қойлардың аналық басы | 8 000 | 2 080 | 16 640 000 | |
8. | Жылқылардың аналық басы | 30 000 | 94 | 2 820 000 | |
Жиыны | 92 933 540 |
Шымкент қаласы әкімінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 564 қаулысына 2-қосымша |
2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге | Өлшемшарттары | Өтінім беру мерзімі |
1 | Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 70 000 |
1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы | Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін |
2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 50 000 |
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы | |
3 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы | |
4 | Қойлардың аналық басы | бас | 8 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы | |
5 | Жылқылардың аналық басы | бас | 30 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы | |
6 | Шошқалардың аналық басы | бас | 7 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы |
Ескертпе:
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.