Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 50-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы бірлескен қаулы және шешімінің қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев | |
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |
"Абай облысы әкімінің аппараты" ММ 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 82 мен Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/13-VIII бірлескен қаулысы мен шешімінің қосымшасы |
Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
№ | Қала мен аудандар атауы |
меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері | |||
фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына | ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына | ||||
барлығы | оның iшiнде суармалы | барлығы | оның iшiнде суармалы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Абай ауданы | 4,0 | 2 | 4,0 | 2 |
2. | Ақсуат ауданы | 6,3 | 2 | 6,3 | 2 |
3. | Аягөз ауданы | 9 | 2 | 9 | 2 |
4. | Бесқарағай ауданы | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
5. | Бородулиха ауданы | 1,4 | 1,4 | 1,4 | 1,4 |
6. | Жарма ауданы | 8,8 | 2 | 8,8 | 2 |
7. | Көкпекті ауданы | 2,5 | 2 | 2,5 | 2 |
8. | Үржар ауданы | 8,2 | 2 | 8,2 | 2 |
9. | Семей қаласы | 7 | 2 | 7 | 2 |