Қазақстан Республикасы Су кодексінің 94-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
Министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
____________________ С. Сарбасов
2023 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысы
____________________ Н. Ноғайбаев
2023 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы басшысы
____________________ Р. Иманбет
2023 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
____________________ Е. Мадиев
2023 жылғы "_____" _____________
Абай облысы әкімдігі 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 Әкімдік қаулысына қосымша |
Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы әкімдігінің 21.06.2024 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ Р/с | Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы | Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары | Орналасқан жері |
Бесқарағай ауданы | |||
1. | "Шошқалы" көлі | Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында | Қарабас ауылдық округі |
Бородулиха ауданы | |||
2. | Шүлбі су қоймасы |
"Жанай" демалыс базасы |
Жерновка ауылдық округі, |
3. |
Жерновские көлдері |
"Адал компани" демалыс базасы |
Жерновка ауылдық округі, |
4. | Михайловские көлдері |
|
Подборный ауылдық округі, |
5. | Большое көлі |
Көпшіліктің демалуы үшін | Бородулиха ауылы |
Жарма ауданы | |||
5. | Арасан көлі | "Жарма Арасан" сауықтыру орталығы |
Қалбатау ауылдық округі, |
Үржар ауданы | |||
6. | Алакөл көлі | Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында | Қабанбай ауылдық округі |
Семей қаласы | |||
7. | Ертіс өзені | "Заря" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында |
Понтон көпірінің сол жағалауы, |
8. | Ертіс өзені | "Пристань" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында | Пристань ауданы |
Курчатов қаласы | |||
9. | Ертіс өзені | № 1 қалалық жағажай | Маяк қонақ үйі ауданында |
10. | Ертіс өзені | № 2 қалалық жағажай | № 2 ЖОББМ, № 1 ЖОББМ ауданында |
11. | Ертіс өзені | № 3 қалалық жағажай | Саяжай алабы ауданында |