"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына, 8-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 633 қаулысына және Аягөз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 19/358-VII шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Қоңыртау ауылы таратылып есептік деректерден алып тастала отырып, оның аумағын Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
2) Қопа ауылы таратылып есептік деректерден алып тастала отырып, оның аумағын Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев | |
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |