Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2023 жылға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2023 жылға арналған өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес.
2. "Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Абай облысы әкімдігі 2023 жылғы 21 қарашадағы № 204 қаулыға 1 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2023 жылға арналған субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке субсидия нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем, бас | Субсидиялар көлемі, теңге |
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының, ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 5 500 | 131 379 | 722 584 500 |
Барлығы: | 722 584 500 |
Абай облысы әкімдігі 2023 жылғы 21 қарашадағы № 204 қаулыға 2 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2023 жылға арналған өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттар | СМАЖ -да субсидиялау шарттарына сәйкестікті тексеру әдісі | Өтінім беру мерзімі |
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | Өтінім берген сәтте аналық басының САТЖАҚ және АЖБ-да тіркелуі және деректерінің сәйкестігі. | САТЖАҚ және АЖБД -мен интеграциялық өзара іс-қимыл | Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) |
1.1. | Ірі қара малдың аналық басы |
1. Өтінім берген сәтте өзінің аналық басының (18 айдан бастап) болуы. |
Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітіледі.
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды АЖБ-да тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
СМАЖ – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі.