Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 12/212-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 54/505-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8148 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді өсіру бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан және тұрғын үйден тұрғын үй жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) берілетін тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |