Абай облысы Көкпекті ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Абай облысы Көкпекті ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 300 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 128-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес, азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Көкпекті ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 159 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8691 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысы Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Д. Оразбаев

  2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 300 Көкпекті ауданы
әкімдігінің қаулысына
1- қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы және орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсететін ұйымдар, уақытша болу ұйымдары).

      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диета жөніндегі мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, мәдени ұйымдастырушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, логопед, психолог.

      3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, дефектолог, тәрбиеші, әдіскер.

  2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 300 Көкпекті ауданы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекеме және қазыналық мәдениет кәсіпорны, бөлім, филиал басшылары мен басшысының орынбасары.

      2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: барлық атаудағы әртістер, музыкалық жетекші, кітапханашы, экскурсовод, режиссер, мәдени ұйымдастырушы, жаттықтырушы, инструктор, мейіргер, медициналық бике/аға, барлық атаудағы суретшілер, инспектор, әдістемеші, қор сақтаушысы, хореограф, барлық мамандағы мұғалімдер.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кокпектинского района области Абай

Постановление акимата Кокпектинского района области Абай от 26 сентября 2023 года № 300. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 29 сентября 2023 года № 128-18

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18, пунктом 9 статьи 139 Трудового Кодекса Республики Казахстан, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Кокпектинский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложениям 1, 2 к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Кокпектинского района "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" от 8 апреля 2021 года № 159 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 8691).

      3. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования Кокпектинского района области Абай" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции области Абай;

      2) размещение настоящего постановления на интернет–ресурсе акимата Кокпектинского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кокпектинского района Койгельдина Даурена Бакытжановича.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Д. Оразбаев

  Приложение 1 к постановлению
Кокпектинского районного
акимата
от 26 сентября 2023 года
№ 300

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель центра оказания специальных социальных услуг (организации стационарного, полустационарного типа, организации оказывающие услуги на дому, организации временного пребывания).

      2. Специалисты (главные, старшие), в том числе: врачи всех специальностей, медицинская(ий) сестра (брат), диетическая сестра, специалист по социальной работе, социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью, социальный работник по уходу за детьми с инвалидностью и лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями, инструктор по лечебной физической культуре, инструктор по трудотерапии, культорганизатор, консультант по социальной работе, логопед, психолог.

      3. Педагогические работники и приравненные к ним лица, в том числе: учителя всех специальностей, дефектолог, воспитатель, методист.

  Приложение 2 к постановлению
Кокпектинского районного
акимата
от 26 сентября 2023 года
№ 300

Перечень должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия культуры в области культуры, отдела, филиала.

      2. Специалисты (главные, старшие), в том числе: артист всех наименований, музыкальный руководитель, библиотекарь, экскурсовод, режиссер, культорганизатор, тренер, инструктор, врач, медицинская(ий) сестра (брат), художник всех наименований, инспектор, методист, хранитель фондов, хореограф, учителя всех специальностей.