Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жамбыл облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4756 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Жамбыл облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - Аппарат) лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.";
3 және 4-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
"3. Аппарат басшысының орынбасарлары, сондай-ақ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлер жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, олар көрсетілген лауазымды тұлғалар қабылдауына келіскен жағдайда, жүгінген күні жүргізеді.
4. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері, түскі үзіліспен жұмыс уақытында "электрондық үкімет" веб-порталындағы, "Е-өтініш" ақпараттық жүйесіндегі электрондық құжаттар, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлменің Call-орталығына келіп түскен өтінімдер негізінде жүргізеді.";
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен Аппарат басшысының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдауы әкім бекіткен графикке сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Сондай-ақ, қабылдау "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес өткізілетін кездесу өткізуден бір күн бұрын және кездесу өткізілгеннен кейін өткізіледі.";
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Қабылдау өтініштердің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.";
29, 30 және 31-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
"29. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері өтініш тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей арыз берушіге қабылдау уақыты мен күні немесе қабылдаудан дәлелді бас тарту көрсетілген жауапты жолдайды.
30. Мәселенің сипаты барынша пысықтауды талап ететін күрделі болған жағдайда жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімін Аппарат басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
31. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің уәкілетті қызметкерлерінің облыс әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының қабылдауын ұйымдастыру, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары Аппараттың құрылымдық бөлімшелері, аудандар мен қала әкімдерінің аппараттары, облыс әкімдігінің басқармалары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.";
37-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде, оның ішінде: төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік апаттар мен өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс істейтін call-орталықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.".
2. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының | |
әкімі | Н. Нуржигитов |