Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі "Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4352 болып тіркелген) № 38-9 шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысында ортақ су пайдалану Қағидалары:
мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған "Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген), "Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 178 қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 болып тіркелген) бекітілген жерлерді есепке алмағанда, Жамбыл облысының аумағында орналасқан су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында шомылуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) бұйрығының 10 тармағына сәйкес шағын көлемді кемелермен жүзу кезінде:
1) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге және су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары мен жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге;
2) жағажайлар мен суға түсуге ұйымдастырылған басқа да орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 10 метрге дейінгі қашықтықта жақындауға жол берілмейді.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының төрағасы | А. Нуралиев |