Қазақстан Республикасы Заңының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3772 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ ауданының | |
әкімі | Б. Казанбасов |