Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Байзақ аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 26-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3770 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық | |
мәслихат төрағасы | Б. Акбаев |