"Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсанындағы № 31-3 "Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қатты қалдықтырды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4044 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық | |
мәслихат төрағасы | М. Шайдаев |