"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және Сұлутөр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қарой ауылдық округінің Сұлутөр ауылындағы келесі құрамдас бөліктер қайта аталсын:
Набережная көшесінің 1-бұрылысын - Бірлік көшесіне;
Седовка көшесінің 1-бұрылысын - Ырысты көшесіне;
Садовая көшесінің 1-бұрылысын - Ықылас көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарой ауылдық |
округінің әкімі | А. Урпеков |