Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Меркі ауданы әкімдігінің ветернария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 19 ақпандағы №85 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2583 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Меркі ауданының әкімі | Ж. Баубеков |