"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Меркі аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №27-6 шешімінің (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 3808 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. "Меркі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Меркі аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық | |
мәслихат төрағасы | М. Кокрекбаев |