"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 06 наурыздағы № 45 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4526 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм ауданының әкімі | А. Балкыбеков |