"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кейбір қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 108 қаулысы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3417 болып тіркелген);
2) Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 169 қаулысы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3871 болып тіркелген).
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Шуского района | |
Жамбылской области | Б. Джанибеков |