Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 117 "Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 53-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 117 "Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4128 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

  Сәтбаев қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 20
қыркүйектегі
№ 57
шешіміне қосымша
  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 117 шешімімен бекітілген

Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін наградтау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Сәтбаев қаласының дамуына қомақты үлес қосқан:

      1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары.

      4. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.

      5. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген тұлға бес жыл ішінде қаланың Құрмет грамотасымен марапаттауға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және Қазақстан Республикасының өзге де мерекелеріне орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты қала әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі.

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды.

      9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі қала әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.

      10. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.

      Сәтбаев қаласы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      12. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      13. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      14. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.

      15. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын қала әкімі және (немесе) қалалық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

      16. Наградтау бойынша материалдар қала әкімінің аппаратында сақталады.

О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 26 декабря 2016 года № 117 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Сатпаев

Решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 20 сентября 2023 года № 57. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 29 сентября 2023 года № 53-20

      Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сатпаевского городского маслихата от 26 декабря 2016 года № 117 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Сатпаев" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4128) следующее изменение:

      Положение о награждении Почетной грамотой города Сатпаев, утвержденное указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сатпаевского городского маслихата К. Балмагамбетов

  Приложение к
решению
Сатпаевского городского
маслихата
от 20 сентября 2023 года
№ 57
  Утверждено
решением Сатпаевского
городского маслихата
от 26 декабря 2016 года № 117

Положение о награждении Почетной грамотой города Сатпаев

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой города Сатпаев разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой города Сатпаев.

      2. Почетная грамота является одной из форм поощрения и стимулирования за:

      1) значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, спорте, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественной деятельности;

      2) осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.

      3. Почетной грамотой награждаются внесшие значительный вклад в развитие города Сатпаев:

      1) граждане, работники учреждений, предприятий и организаций;

      2) коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, организаций, учреждений, творческих коллективов, достигшие высоких показателей в труде, общественно-политической деятельности.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      2) лица, признанные судом недееспособными либо ограниченно дееспособными;

      3) лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Лицо, указанное в пункте 3 настоящего Положения, не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой города в течение пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      7. Представление к награждению Почетной грамотой направляется в аппарат акима города не позднее чем за двадцать календарных дней до дня проведения мероприятий учреждениями, организациями независимо от форм собственности, предприятиями, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления. 

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество, занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива), дается характеристика с изложением конкретных трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие города. Представление подписывается первым руководителем и скрепляется печатью при наличии.

      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата либо учредительные документы организации, учреждения или творческого коллектива.

      8. Материалы, поступившие от граждан, самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      9. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в комиссию при акиме города по наградам (далее – Комиссия).

      10. В состав Комиссии включаются представители заинтересованных структурных подразделений местного исполнительного органа, в том числе организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, общественных объединений, работники правоохранительных органов, депутаты Сатпаевского городского маслихата.

      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов комиссии. Общий состав Комиссии не менее семи человек.

      Председателем Комиссии является заместитель акима города Сатпаев, курирующий вопросы социальной сферы.

      11. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости и считаются правомочными, если на них присутствует более половины от общего числа членов Комиссии.

      12. Решение Комиссии считается принятым, если за него проголосовало большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

      13. Решение Комиссии носит рекомендательный характер и оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами.

      14. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом города и председателем городского маслихата (или лицами, исполняющими их обязанности) согласно положительному заключению Комиссии путем издания совместного распоряжения.

      15. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким города и (или) председатель городского маслихата, либо иное лицо по их поручению.

      16. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима города.