Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №33/236 "Жаңаарқа ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4974 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Ю. Беккожин |