Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-33 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 21 маусымда № 44-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу облыстық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

  2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-33 шешімімен бекітілген

Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы

ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы Ережелер

      1. Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін реттейді.

      2. Құрмет грамотасы азаматтардың жемісті қызметін қоғамдық түрде мойындаудың көрінісі, маңызды моральдық ынталандыру құралдарының бірі болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен:

      - халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан;

      - қайырымдылық қызметпен айналысатын;

      - экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi;

      - белсенді қоғамдық-саяси және еңбек қызметі;

      - облысқа еңбегі сіңген шетел азаматтары наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      - наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      - сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      - сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.

      5. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Жетісу облысына еңбегі сіңген азаматтар наградталады.

      6. Қайтадан наградтау алдыңғы наградтау күнінен бастап 5 жыл өткеннен кейін жүргізіледі.

      7. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда телнұсқа берілмейді.


2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      8. Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсынысты қарау және келісу үшін іс шаралар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыс әкімінің атына енгізіледі.

      9. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс жасауға Жетісу облысы мәслихатының депутаттары, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, заңды тұлғалар және өзге де бастамашылық топтар бастама жасай алады.

      10. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынылған кандидатуралар туралы толық мәлімет (жеке куәлік бойынша тегі, аты, әкесінің аты, білімі, лауазымы) көрсетіледі. Наградтау туралы ұсынымда осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген азаматтардың сіңірген еңбегі (жетістіктері) туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Ұсынымға Құрмет грамотасы мәтінінің жобасы қоса беріледі.

      11. Облыс әкімі аппаратының салалық бөлімі Құрмет грамотасымен наградтау туралы мәселені зерделеп, сол салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен келісе отырып, белгіленген нысан бойынша мемлекеттік тілде Құрмет грамотасының мәтінін дайындайды.

      12. Aталған мәліметтерді уақытында немесе толық ұсынбау ұсынысты қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.


3. Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      13. Құрмет грамотасын табыс ету салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс әкімі немесе оның уәкілетті ресми өкілі табыс етеді.

      14. Құрмет грамотасына Жетісу облысының әкімі қол қояды.

      15. Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу және есепке алуды облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.

      16. Тапсырған адамның қолы қойылған, мөрімен бекітілген тапсыру туралы хаттама үш жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратына жіберіледі. Облыс әкімінің аппараты тоқсандық және жылдық түгендеу есебін жүргізеді.

      17. Құрмет грамотасымен наградтау туралы облыс әкімінің өкімі шығарылады.


4. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      18. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы папкадан және жапсырмадан тұрады.

      19. Папка қоңыр қызыл түсті баладектен жасалады. Папканың мұқабасында көлемі 8,5х8,5 сантиметр болатын Жетісу облысының таңбасы бейнеленген және баспаханалық алтын түсті қаріппен "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" деп жазылған.

      20. Грамотаның жапсырмасы ашық-көк түсті, мұқабасында Жетісу облысының таңбасы, таңбаның астында "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" жазылып, алтын түсті ұлттық өрнек бейнеленген. Жапсырманың сырты, ішкі сол және оң жақ беттері көк түсті ұлттық оюмен көмкерілген. Жапсырманың ішкі сол жақ бетінің ортасында Жетісу облысының таңбасы, таңбаның үстінде және астында алтын түсті ұлттық өрнек бейнеленген, ал оң жақ бетіне "Жетісу облысының Құрмет грамотасы" деп жазылған, ары қарай марапаттау мәтініне, облыс әкімінің қолы мен мөріне орын қалдырылған.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой области Жетісу

Решение маслихата области Жетісу от 20 июня 2023 года № 4-33. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 21 июня 2023 года № 44-19

      В соответствии с подпунктом 12-3 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат области Жетісу РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой области Жетісу.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата маслихата области Жетісу.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Г. Тойлыбаева

  Утвержден решением от 20 июня 2023 года № 4-33

ПОЛОЖЕНИЕ

о награждении Почетной грамотой области Жетісу

      1. Общие положения

      1. Положение о награждении Почетной грамотой области Жетісу (Далее – Почетная грамота) разработано в соответствии с подпунктом 12-3 пункта 1 статьи 6 Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регламентирует порядок награждения Почетной грамотой области Жетісу.

      2. Почетная грамота является одним из важных моральных стимулов, выражением общественного признания плодотворной деятельности граждан.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане:

      - внесшие вклад в укрепление дружбы, солидарности и культурных связей между народами;

      - занимающиеся благотворительной деятельностью;

      - за значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, в воинской, общественной и государственной службе;

      - за активную общественно-политическую и трудовую деятельность;

      - иностранные граждане, имеющие заслуги перед областью.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      - лица имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      - лица признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      - лица признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Почетной грамотой награждаются заслуженные граждане области Жетісу, имеющие не менее 5 лет стажа в сфере деятельности.

      6. Повторное награждение производится не ранее чем через 5 лет со дня предыдущего награждения.

      7. При утере Почетной грамоты дубликат не выдается.


2. Порядок награждения Почетной грамотой

      8. Представление о награждении Почетной грамотой для рассмотрения и согласования вносится на имя акима области не позднее чем за десять календарных дней до дня проведения мероприятий.

      9. Представление о награждении Почетной грамотой могут инициировать депутаты маслихата области Жетісу, трудовые и творческие коллективы, общественные и религиозные объединения, политические партии, юридические лица и иные инициативные группы.

      10. В представлении указывается полная информация о награждаемом Почетной грамотой (фамилия, имя, отчество, образование, должность по удостоверению личности). Представление о награждении должно содержать сведения о заслугах (достижениях) граждан, указанных в пункте 3 настоящего Положение. К представлению прилагается проект текста Почетной грамоты.

      11. После изучения вопроса о награждений Почетной грамотой отраслевой отдел аппарата акима области согласует с курирующим заместителем акима области, по утвержденной форме на государственном языке готовит текст.

      12. Несвоевременное или неполное представление указанных данных является основанием для оставления представления без рассмотрений.


3. Порядок вручения Почетной грамоты

      13. Почетная грамота вручается в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким области или уполномоченный официальный его представитель.

      14. Почетная грамота подписывается акимом области Жетісу.

      15. Ведение документации и учета по вопросам награждения Почетной грамотой осуществляет аппарат акима области.

      16. Протокол о вручении, подписанный вручившим лицом и заверенный печатью, в течение трех рабочих дней направляется в аппарат акима области. Аппарат акима области проводит квартальный и годовой отчет по инвентаризаций.

      17. О награждении Почетной грамотой издается распоряжение акима области.


4. Описание Почетной грамоты

      18. Почетная грамота акима области состоит из папки и вкладыша.

      19. Папка изготавливается из баладека цвета темной вишни. На лицевой стороне папки изображен герб области Жетісу размером 8,5х8,5 и выполнена надпись "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" типографическим золотым шрифтом.

      20. Вкладыш грамоты светло-синего цвета, на лицевой стороне изображен герб области Жетісу, внизу герба выполнена надпись "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и национальный орнамент в золотистом цвете. Лицевая сторона, внутренние левый и правые листы обрамлены рамкой синего цвета с национальным орнаментом внутри. На левой внутренней стороне вкладыша изображен герб области Жетісу, сверху и снизу герба изображен национальный орнамент в золотистом цвете, а на правой стороне имеется текст "Жетісу облысының Құрмет грамотасы", далее оставлено место для поздравительного текста, для подписи и печати акима области.