Талдықорған қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 3-22 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 25 мамырда № 33-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Занының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Талдықорған қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы № 433 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5710 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 3-22 шешіміне қосымша

Талдықорған қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Талдықорған қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілгенмерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы және Талдықорған қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш берушіуәуілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталыарқылы құжаттарымен қоса шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті белгіленген тізбе бойынша құжаттар шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға тоқсанына 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

      9. Өтініш беруші шығындарды өтеу Қағидаларының талаптарына сәйкес шағым беруге құқылы.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Талдыкорган

Решение маслихата города Талдыкорган области Жетісу от 22 мая 2023 года № 3-22. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 25 мая 2023 года № 33-19

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Талдыкорган, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 7 октября 2020 года № 433 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Талдыкорган" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5710).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Талдыкорганского городского маслихата Т. Ахажан

  Приложение к решению Талдыкорганского городского маслихата от 22 мая 2023 года № 3-22

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Талдыкорган

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Талдыкорган разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденный Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния города Талдыкорган" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью и выезд на постоянное место жительства за пределы города Талдыкорган), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" и веб-портал "электронного правительства" с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов.

      Документы по установленному перечню, необходимых для возмещения затрат на обучение предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      7. Размер возмещения затрат на обучение в квартал равен 8 (восьми) месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.

      9. Заявитель вправе подать жалобу в соответствии с требованиями Правил возмещения затрат.