Текелі қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 210 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 8 маусымда № 37-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Әділ

  2023 жылғы 6 маусымдағы № 210 қаулысына қосымша

Текелі қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары


1. Жалпы қағида

      1. Осы Текелі қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзгеде нормативтік құқықтық актілермен Текелі қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) бірыңғай сәулеттік стиль - құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс ауданына, оның ішінде жеке құрылысқа тән бірыңғай белгілердің жиынтығы. Негізгі параметрлер сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түсті шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары болып табылады. Жеке құрылыс ауданы үшін негізгі параметрлер сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түсті шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулар, шатырдың типі және учаске аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы болып табылады;

      2) басқарушы компания – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      3) дауыс беру – келу тәртібімен немесе жазбаша сауалнама арқылы өткізілетін жиналыста ерік-қалауын ашық білдіру жолымен жүзеге асырылатын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді қабылдау процесі. Дауыс беру тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;

      4) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені;

      5) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы – басқаратын көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болып табылмайтын, уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы;

      6) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін басқару органы;

      7) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;

      8) нысаналы жарна – бір күнтізбелік жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген іс-шараға ақы төлеу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері енгізетін ақша;

      9) сервистік қызмет субъектісі – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      10) тұрғынжайдың жалпы алаңы - тұрғынжайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;

      11) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;

      12) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;

      13) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері;

      14) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);

      16) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу –мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

      17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

      18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;

      19) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көппәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

      20) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;

      21) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      22) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған міндетті ай сайынғы жарналары;

      23) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;

      24) шатыр - ғимаратты атмосфералық жауын-шашынның енуінен сақтайтын, су өткізбейтін қабаттан және негізден (торлардан, тұтас төсемеден, кермеден) тұратын, көтергіш конструкцияларға немесе жылытқышқа (шатырсыз шатырларда) салынатын жабынның жоғарғы элементі.

      3. Осы Қағида Текелі қаласындағы құрылыс компаниялары салған көппәтерлі тұрғын үйлерге бағытталмаған, көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуге таратылмайды.

      4. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысады және Заңда көзделген міндеттерді атқарады.

      5. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) осы Заңда айқындалған тәртіппен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге міндетті.


2. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу тәртібі

      7. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуге, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің шешімі қажет.

      1) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуге қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен келісім беру немесе келіспеуін анықтау бойынша, көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен тұрғын емес үй – жайларының меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру;

      2) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер және тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін жоспарланған жұмыстар және оларды жүргізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;

      8. Жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады.

      Егер бұрын келу тәртібімен жарияланған жиналыс кворум болмағандықтан өтпесе, жиналыс жазбаша сауалнама арқылы өткізіледі. Жазбаша сауалнама жүргізу және оның мерзімдері туралы шешімді үй кеңесі қабылдайды

      Үй кеңесі жазбаша сауалнама жүргізу арқылы жиналысты ұйымдастыру үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бастамашы топты айқындауға құқылы.

      9. Жиналыста теріс шешім қабылданған жағдайда, көппәтерлі тұрғын үйге қолданылу мерзімділігі өткен лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстары жүргізілмейді.


3. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындардыөтеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі

      10. Жиналыстың оң шешімі қабылданған жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыстардың құрамы мен көлемін белгілеу, лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуді айқындау үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің (лифтілердің) техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.

      Үйдің (лифтілердің) техникалық жағдайын тексеру табиғи тозу дәрежесін белгілеу мақсатында орындалады.

      11. Үйдің (лифтілердің) техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі ағымдағы жөндеудің (лифтілерді жөндеуге) сметалық есебін әзірлеу немесе күрделі жөндеуге (лифтілерді ауыстыруға) жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстарын ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын алады.

      12. Тексеру және жобалау тиісті лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен орындалады.

      13. Күрделі жөндеу жөніндегі (лифтілерді ауыстыруға) жұмыстарды жобалау және ағымдағы жөндеудің (лифтілерді жөндеуге) сметалық есебін әзірлеу кезінде қолданыстағы заңнаманы және нормативтерді басшылыққа алу қажет.

      14. Қағидаларының 7-тармағына сәйкес айқындалған, тиісті сараптамадан және (немесе) көппәтерлі тұрғын үйдегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жобалары бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды және ұсынады.

      15. Көппәтерлі тұрғын үйдегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды бюджеттік бағдарлама әкімшісімен іске асырылады. 

      16. Көппәтерлі тұрғын үйдегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдау техникалық, авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, мердігерлік ұйым, кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесіп тапсырыс беруші жүзеге асырады.


4. Қорытынды қағида

      17. Текелі қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      КТҮ-ге пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады.

      Тұрғындар қайтарған сомаларды мамандандырылған уәкілетті ұйым басқа КТҮ-ні жөндеуге пайдаланады.

      ЖАО мамандандырылған уәкілетті ұйымды ұстауды қаржыландыру мен жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуді жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етеді.

      Кондоминиум объектісін басқару органы, оператор (бас мердігер) болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым мен пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасында КТҮ-ге күрделі жөндеу жүргізуге, сондай-ақ лифт жабдығын жөндеуге (ауыстыруға) шарт жасалады.

      Бұдан басқа, ЖАО жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен ЖСҚ-сы бар КТҮ-ні күрделі жөндеуді және лифтілерді жөндеуді (ауыстыруды) ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыра алады.

      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тартуға құқылы.

      КТҮ-ні күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасына – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қайтарымды негізде күрделі жөндеу жүргізу тетігін іске асыру үшін оның қатысушылары мынадай іс-қимылдарды орындайды.

      ЖАО:

      1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізбесін қалыптастыруды;

      2) лифт жабдықтарын жөндеу және ауыстыру, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын мамандырылған техникалық сараптама ұйымының қорытындысы негізінде жөнделуге және ауыстыруға тиіс лифт жабдықтарының тізбесін қалыптастыруды;

      3) тұрғын үй инспекцияларының тиісті актілерді бере отырып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастыруды;

      4) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастыруды;

      5) күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражатты қайтару мониторингін қамтамасыз етуді;

      6) басқару органдарымен және тұрғын емес, пәтерлердің үй-жайлардың меншік иелерімен жасалған шарттарға сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтарудың 8-ден 15 жылға дейінгі (күрделі жөндеу жұмыстарының түрлеріне байланысты) мерзімін сақтауын қамтамасыз етуді;

      7) жалпы жиналыста тағайындалатын, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың, мердігер ұйымның, кондоминиум объектісін басқару органдарының, тұрғын үй инспекцияларының және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаға жетекшілік ететін бөлімдердің, сондай-ақ техникалық қадағалау (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен келісе отырып, авторлық қадағалау), мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшыларынан, жөнделетін объектілердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан жауапты тұлғалар (кемінде жеті адам) қатарынан қабылдау комиссиясын қалыптастыруды;

      8) жағдайы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді жүзеге асырады.

      Бұл ретте қаражатты қайтару графиктері жасалады, ол қаражатты одан әрі жөндеу үшін пайдалануды болжауға мүмкіндік береді.

      Мамандандырылған уәкілетті ұйым:

      1) басқару органдарымен және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен күрделі жөндеуді орындауға шарттар жасасуды;

      2) шартқа сәйкес күрделі жөндеуді орындауды;

      3) қажет болған кезде қосалқы мердігер ұйымдармен шарттар жасасуды;

      4) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды;

      5) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен – шартқа қатысушылардан берешекті сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды;

      6) күрделі жөндеу жүргізуге арналған ЖСҚ мен шығындар сметасын әзірлеуді және оны пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелерімен келісуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Кондоминиум объектісін басқару органы:

      1) ЕДБ-да кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды қамтамасыз етеді;

      2) мамандандырылған уәкілетті ұйым әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасын, ақаулар ведомостарын келісуді ұйымдастырады;

      3) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен жасалған шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;

      4) жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.

      Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы:

      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      2) қосалқы мердігер ұйымды (оны тарту қажет болған кезде) таңдауды келісуді жүзеге асырады;

      3) күрделі жөндеу жүргізуге арналған ЖСҚ-ны келіседі;

      4) әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін, жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес аудандардың пайдалы ауданының осы кондоминиум объектісіндегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңдарының жиынына қатынасымен айқындалатын күрделі жөндеу жүргізуге шығыстар сомасын бекітеді;

      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты тұлғаларды таңдауды жүзеге асырады.

      Орындалған жұмыстарды қабылдауға мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың, мердігер ұйымның, кондоминиум объектісін басқару органдарының, тұрғын үй инспекцияларының және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаға жетекшілік ететін бөлімдердің басшылары, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ техникалық қадағалау (үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің келісімімен авторлық қадағалау) жөніндегі мемлекеттік инспектор, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары, жөнделетін объектілердің үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің қатарынан жалпы жиналыста тағайындалатын жауапты адамдар (кемінде жеті адам) қатысады.

      КТҮ күрделі жөндеуді қаржыландырудың қосымша тетігі күрделі жөндеу жүргізу процесіне мүліктің меншік иелерін біріктіріп, пәтерлердің меншік иелерін тарту болады немесе жай серіктестік екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақтаушы шоттарда КТҮ-нің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге пәтерлердің меншік иелерінің жарналарын жинақтайтын болады.

      КТҮ-ні күрделі жөндеуге арналған ақшалай қаражат күрделі жөндеу, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде күрделі жөндеуге алынған тұрғын үй қарыздарын өтеу мақсатына ғана пайдаланылуы мүмкін. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

      ХҚҰ қаражатын тарту басқа тетік болып табылады. ХҚҰ-дан қарызға қаражат алу міндетті түрде көппәтерлі тұрғын үйлерге терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеу жүргізу және жаңа технологияларды қолдану шартымен жүзеге асырылатын болады.

      Перспективада қаржы ұйымдарының, сондай-ақ энергия сервистік шарттар (келісімшарттар) негізінде КТҮ-ге күрделі жөндеу жүргізуді қаржыландыру нұсқалары қарастырылатын болады.

      Тұрғын үй қорын күрделі жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, қаражатты жинақтау жүйесінің неғұрлым оңтайлы жұмыс істеуі мен дамуына әкеледі.

Об утверждении Правил обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Текели

Постановление акимата города Текели области Жетісу от 6 июня 2023 года № 210. Зарегистрировано Департаментом юстиции области жетісу 8 июня 2023 года № 37-19

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 16-5) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Текели ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Текели согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Текели.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      А. Әділ

  Приложение постановлению от 6 июня 2023 года № 210

Правила обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Текели

      1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Текели (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 16-5) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", (далее- Закон) иными нормативными правовыми актами и определяют порядок обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Текели.

      2. В настоящих Правилах применяются следующие основные понятия:

      1) единый архитектурный стиль - совокупность единых признаков, используемых в строительстве, характерная для определенного района застройки территории, в том числе индивидуальной застройки. Основными параметрами являются внешний облик, архитектурный стиль, цветовое решение, этажность, отделочные материалы. Для района индивидуальной застройки основными параметрами являются внешний облик, архитектурный стиль, цветовое решение, этажность, отделочные материалы, ограждения, тип кровли и расположение хозяйственно - бытовых построек на территории участка;

      2) управляющая компания – физическое или юридическое лицо, оказывающее услуги по управлению объектом кондоминиума на основании заключенного договора;

      3) голосование – процесс принятия решений собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с управлением объектом кондоминиума и содержанием общего имущества объекта кондоминиума, осуществляемый путем открытого волеизъявления на собрании, проводимом явочным порядком, или посредством письменного опроса. Голосование может осуществляться посредством объектов информатизации в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства;

      4) управление объектом кондоминиума – комплекс мероприятий, направленных на создание безопасных и комфортных условий проживания (пребывания) собственников квартир, нежилых помещений, надлежащее содержание общего имущества объекта кондоминиума, решение вопросов пользования общим имуществом объекта кондоминиума и предоставление коммунальных услуг;

      5) управляющий многоквартирным жилым домом – гражданин Республики Казахстан, не являющийся собственником квартиры, нежилого помещения в управляемом многоквартирном жилом доме, соответствующий квалификационным требованиям, утвержденным уполномоченным органом;

      6) совет многоквартирного жилого дома (далее – совет дома) – орган управления объектом кондоминиума, избираемый из числа собственников квартир, нежилых помещений;

      7) собрание собственников квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома (далее – собрание) – высший орган управления объектом кондоминиума, обеспечивающий коллективное обсуждение и принятие решений собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с управлением объектом кондоминиума и содержанием общего имущества объекта кондоминиума, путем голосования;

      8) целевой взнос – деньги, вносимые собственниками квартир, нежилых помещений для оплаты мероприятия, не предусмотренного сметой расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на один календарный год;

      9) субъект сервисной деятельности – физическое или юридическое лицо, оказывающее услуги по содержанию общего имущества объекта кондоминиума на основании заключенного договора;

      10) общая площадь жилища - сумма полезной площади жилища и площадей балконов (лоджий, веранд, террас), рассчитываемых с применением понижающих коэффициентов в соответствии с нормативно-техническими актами;

      11) физический износ жилища - утрата первоначальных технико-эксплуатационных качеств (прочности, устойчивости, надежности и других) в результате воздействия природных, климатических и иных факторов;

      12) общая площадь жилого дома (жилого здания) - сумма общих площадей всех жилищ и площадей всех нежилых помещений, а также площадей частей жилого дома, являющихся общим имуществом;

      13) общедомовые инженерные системы – системы холодного и горячего водоснабжения, водоотведения, теплоснабжения, газоснабжения, электроснабжения, дымоудаления, пожарной сигнализации, внутреннего противопожарного водопровода, грузовых и пассажирских лифтов (подъемников), мусороудаления, кондиционирования, вентиляции, терморегуляции и вакуумирования, находящиеся в многоквартирном жилом доме за пределами или внутри квартиры, нежилого помещения и обслуживающие две (два) и более квартиры, нежилого помещения;

      14) объект кондоминиума - единый имущественный комплекс, состоящий из квартир, нежилых помещений, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности, и общего имущества, которое не может находиться в индивидуальной (раздельной) собственности и принадлежит собственникам квартир, нежилых помещений на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;

      15) общее имущество объекта кондоминиума - части объекта кондоминиума (фасады, подъезды, вестибюли, холлы, коридоры, лестничные марши и лестничные площадки, лифты, крыши, чердаки, технические этажи, подвалы, общедомовые инженерные системы и оборудование, абонентские почтовые ящики, земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок, элементы благоустройства и другое имущество общего пользования), кроме квартир, нежилых помещений, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности;

      16) текущий ремонт общего имущества объекта кондоминиума - комплекс своевременных технических мероприятий и работ по замене или восстановлению составных частей и инженерного оборудования многоквартирного жилого дома, установленных нормативной и технической документацией, проводимых с целью предотвращения их преждевременного износа и устранения неисправности;

      17) капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума - комплекс мероприятий и работ по замене изношенных конструкций, деталей и инженерного оборудования многоквартирного жилого дома на новые или более прочные и экономичные, улучшающие эксплуатационные показатели ремонтируемых объектов, проводимых с целью восстановления многоквартирного жилого дома;

      18) содержание общего имущества объекта кондоминиума - комплекс работ или услуг по технической эксплуатации, санитарному содержанию и текущему ремонту общего имущества объекта кондоминиума;

      19) многоквартирный жилой дом - отдельно стоящее здание с единым фундаментом на едином неделимом земельном участке, состоящее из общего имущества объекта кондоминиума, которое является общей долевой собственностью, и двух и более квартир, нежилых помещений, имеющих самостоятельные выходы на земельный участок, прилегающий к многоквартирному жилому дому, либо в иные части общего имущества объекта кондоминиума;

      20) кондоминиум многоквартирного жилого дома (далее - кондоминиум) - форма собственности, зарегистрированная в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан, при которой квартиры, нежилые помещения находятся в индивидуальной (раздельной) собственности, а те части, которые не находятся в индивидуальной (раздельной) собственности, принадлежат собственникам квартир, нежилых помещений на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;

      21) объединение собственников имущества многоквартирного жилого дома (далее - объединение собственников имущества) - юридическое лицо, являющееся некоммерческой организацией, образованное собственниками квартир, нежилых помещений одного многоквартирного жилого дома, осуществляющее управление объектом кондоминиума, финансирующее его содержание и обеспечивающее его сохранность;

      22) расходы на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума – обязательные ежемесячные взносы собственников квартир, нежилых помещений на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его частей;

      23) жилищная помощь – выплата из местного бюджета, предоставляемая малообеспеченным семьям (гражданам) для компенсации разницы между расходами на содержание единственного жилища либо его части, находящегося в собственности или полученного из государственного жилищного фонда, или арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами, в порядке, определенном настоящим Законом;

      24) кровля - верхний элемент покрытия, предохраняющий здания от проникновения атмосферных осадков, состоящий из водоизолирующего слоя и основания (обрешетки, сплошного настила, стяжки), укладываемого по несущим конструкциям либо по утеплителю (в бесчердачных крышах);

      3. Настоящие Правила не распространяются на возмещение собственниками квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома расходов, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома, не направленные на многоквартирные жилые дома, возведенные строительными компаниями в г.Текели.

      4. Собственники квартир, нежилых помещений участвуют в расходах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума и несут обязанности, предусмотренные Законом.

      5. Собственники квартир, нежилых помещений обязаны принимать меры по содержанию общего имущества объекта кондоминиума и обеспечению его безопасной эксплуатации, включая проведение текущего и капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума.

      6. Заказчик (застройщик) многоквартирного жилого дома, являющийся собственником квартир, нежилых помещений, не входящих в состав общего имущества объекта кондоминиума, обязан оплатить расходы на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума в порядке, определенном настоящим Законом. 

      2. Порядок возмещения собственниками квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома затрат, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома

      7. Необходимо решение собственников квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома о возмещении затрат, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома.

      1) организация собрания собственников квартир и нежилых помещений многоквартирных жилых домов по определению согласия или несогласия с условием обеспечения возврата собственниками квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома средств на возмещение затрат, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома;

      2) информирование собственников квартир и нежилых помещений многоквартирных жилых домов (при их наличии) о планируемых работах и предполагаемых сроках их проведения;

      8. Собрание правомочно принимать решение при наличии более двух третей от общего числа собственников квартир, нежилых помещений. Решение принимается при согласии более двух третей от общего числа собственников квартир, нежилых помещений.

      Если собрание, объявленное ранее в явочном порядке, не состоялось из-за отсутствия кворума, собрание проводится путем письменного опроса. Решение о проведении письменного опроса и его сроках принимает совет дома.

      Совет дома вправе путем письменного опроса определить инициативную группу из числа собственников квартир, нежилых помещений для организации собрания.

      9. В случае принятия на собрании отрицательного решения, работы, связанные с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома данные виды работ не будут проводиться.

      3. Порядок проведения собственниками квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома мероприятий по возмещению затрат, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома

      10. В случае принятия положительного решения собрания администратор бюджетной программы организует проверку технического состояния каждого многоквартирного жилого дома (лифтов) для определения состава и объема работ, ремонта и замены лифтов, определения капитального ремонта многоквартирного жилого дома в соответствии с требованиями строительных норм.

      Обследование технического состояния дома (лифтов) выполняется с целью установления степени естественного износа.

      11. По итогам обследования технического состояния дома (лифтов) администратор бюджетной программы организует работы по разработке сметного расчета на текущий ремонт (ремонт лифтов) или подготовке проектно-сметной документации на капитальный ремонт (замену лифтов) с последующим получением экспертного заключения по соответствующим проектам за счет средств местного бюджета.

      12.Обследование и проектирование выполняется силами специализированных организаций, имеющих соответствующие лицензии.

      13. При проектировании работ по капитальному ремонту (замене лифтов) и разработке сметного расчета на текущий ремонт (ремонт лифтов) необходимо руководствоваться действующим законодательством и нормативами.

      14. После соответствующей экспертизы и (или) утверждения проектов капитального ремонта многоквартирного жилого дома, ремонта и замены лифтов в многоквартирном жилом доме администратор бюджетной программы составляет и представляет бюджетную заявку в соответствии с порядком, определенным центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию.

      15. Ремонт и замена лифтов в многоквартирном жилом доме, работы по капитальному ремонту многоквартирного жилого дома осуществляются администратором бюджетной программы.

      16. Приемка работ по ремонту и замене лифтов в многоквартирном жилом доме, капитальному ремонту многоквартирного жилого дома осуществляется подрядной организацией, заказчиком совместно с органом управления объектом кондоминиума с привлечением лиц, осуществляющих технический, авторский надзор.

      4. Заключительные положения

      17. Финансирование мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровель многоквартирных жилых домов, направленных на придание городу Текели единого архитектурного облика, осуществляется за счет средств местного бюджета.

      Проведение капитального ремонта МЖД за счет возвратных средств собственников квартир, нежилых помещений осуществляется специализированными уполномоченными организациями с участием государства в уставном капитале.

      Возвращенные жителями суммы используются специализированной уполномоченной организацией на ремонт другого МЖД.

      МИО обеспечивает финансирование содержания специализированной уполномоченной организации и разработку ПСД на ремонтные работы за счет средств местного бюджета.

      Между Специализированной уполномоченной организацией, являющейся органом управления объектом кондоминиума, оператором (генеральным подрядчиком), и собственниками квартир, нежилых помещений заключается договор на проведение капитального ремонта МЖД, а также на ремонт (замену) лифтового оборудования.

      Кроме того, МИО при наличии средств местного бюджета может осуществлять организацию и финансирование капитального ремонта МЖД и ремонта (замены) лифтов с ПСД при условии обеспечения возвратности средств собственниками квартир, нежилых помещений.

      Специализированная уполномоченная организация вправе привлекать субподрядчиков.

      Капитальный ремонт МЖД осуществляется в соответствии с организационно-технологической проектной документацией – проектом (рабочим проектом), проектом организации капитального ремонта и проектами производства работ.

      Для реализации механизма проведения капитального ремонта на возвратной основе его участники выполняют следующие действия.

      МИО:

      1) формирование перечня домов, подлежащих ремонту по заявкам собственников квартир, нежилых помещений;

      2) формирование перечня лифтового оборудования, подлежащего ремонту и замене на основании заключения специализированной технической экспертной организации, осуществляющей проведение работ по ремонту и замене, техническому обслуживанию лифтового оборудования;

      3) организацию проведения жилищной инспекцией технического обследования общего имущества объекта кондоминиума с выдачей соответствующих актов;

      4) организацию проведения энергетического аудита жилья;

      5) обеспечение контроля за ходом проведения работ по капитальному ремонту и мониторинга возврата средств за выполненные работы от собственников квартир, нежилых помещений;

      6) обеспечение соблюдения собственниками квартир, нежилых помещений срока возврата средств от 8 до 15 лет (в зависимости от видов работ по капитальному ремонту) в соответствии с договорами, заключенными с органами управления и собственниками помещений нежилых, квартир;

      7) руководителей специализированных уполномоченных организаций, подрядной организации, органов управления объектом кондоминиума, жилищных инспекций и (или) отделов, курирующих соответствующую бюджетную программу, назначаемых на общем собрании, а также органов технического надзора (авторского надзора по согласованию с собственниками квартир, нежилых помещений), государственного архитектурно-строительного контроля;, формирование приемочной комиссии из числа ответственных лиц (не менее семи человек) из числа собственников нежилых помещений;

      8) выплату жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

      При этом составляются графики возврата средств, которые позволяют прогнозировать использование средств для дальнейшего ремонта.

      Специализированная уполномоченная организация:

      1) заключение договоров на выполнение капитального ремонта с органами управления и собственниками квартир, нежилых помещений;

      2) выполнение капитального ремонта в соответствии с договором;

      3) заключение договоров с субподрядными организациями при необходимости;

      4) принятие мер по устранению недостатков, допущенных в ходе проведения ремонтных работ;

      5) организацию взыскания задолженности в судебном порядке с собственников квартир, нежилых помещений-участников договора;

      6) разработку ПСД и сметы затрат на проведение капитального ремонта и обеспечение ее согласования с собственниками квартир, нежилых помещений.

      Орган управления объектом кондоминиума:

      1) обеспечивает открытие в БВУ текущих и сберегательных счетов на объект кондоминиума;

      2) организует согласование ПСД, сметы расходов, ведомостей дефектов, разработанных специализированной уполномоченной организацией;

      3) обеспечивает подписание договора со специализированной уполномоченной организацией;

      4) исковое заявление о взыскании задолженности с собственников помещений (квартир), отказавшихся от исполнения решения собрания и не участвующих в договоре.

      Собрание собственников квартир, нежилых помещений:

      1) принимает решение о проведении капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;

      2) согласование выбора субподрядной организации (при необходимости ее привлечения);

      3) согласовывает ПСД на проведение капитального ремонта;

      4) утверждает сумму расходов на проведение капитального ремонта, определяемую отношением полезной площади жилых и (или) нежилых помещений, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности, возлагаемых на каждую квартиру (помещение), к сумме полезной площади всех жилых и нежилых помещений в данном объекте кондоминиума;

      5) осуществляет выбор ответственных лиц из числа собственников помещений (квартир) для участия в приемке выполненных работ.

      Руководители уполномоченных организаций, подрядных организаций, органов управления объектом кондоминиума, жилищных инспекций и (или) отделов, курирующих соответствующую бюджетную программу, специализирующиеся на приемке выполненных работ, государственный инспектор по государственному надзору в области промышленной безопасности, а также техническому надзору (авторский надзор с согласия собственников помещений (квартир), органы государственного архитектурно-строительного контроля, из числа собственников помещений (квартир) ремонтируемых объектов на общем собрании присутствуют назначаемые ответственные лица (не менее семи человек).

      Дополнительным механизмом финансирования капитального ремонта МЖД станет объединение собственников имущества в процесс проведения капитального ремонта и вовлечение собственников квартир или простое товарищество будет аккумулировать взносы собственников квартир на капитальный ремонт общего имущества МЖД на накопительных счетах в одном из банков второго уровня.

      Денежные средства на капитальный ремонт МЖД могут быть использованы только на цели капитального ремонта, в том числе погашения жилищных займов, полученных на капитальный ремонт в банках второго уровня. Расходование денег, накопленных на сберегательном счете, осуществляется только по решению собрания.

      Другим механизмом является привлечение средств МФО. Заимствование средств у МФО в обязательном порядке будет осуществляться на условиях проведения капитального ремонта многоквартирных жилых домов с элементами термомодернизации и применения новых технологий.

      В перспективе будут рассмотрены варианты финансирования проведения капитального ремонта МЖД на основе финансовых организаций, а также энергосервисных договоров (контрактов).

      Реализация проектов по капитальному ремонту жилищного фонда приведет к улучшению жилищно-бытовых условий граждан, более оптимальному функционированию и развитию системы накопления средств.