Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Көксу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 86 "Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 165847 тіркелген) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданының әкімі | М. Кольбаев |
Көксу ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 387 қаулысына қосымша |
Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Айнабұлақ ауылдық округі | ||
1 | Айнабұлақ станциясы | 1,45 |
2 | ПЧ-45 Қосшар ауылы | 1,1 |
3 | Тауарасы разъезді | 0,9 |
4 | Көпір разъезді | 0,9 |
Алғабас ауылдық округі | ||
5 | Алғабас ауылы | 1,45 |
6 | Қызылтоған ауылы | 1,45 |
Енбекші ауылдық округі | ||
7 | Зылиха Тамшыбай ауылы | 1,55 |
8 | Бесқайнар ауылы | 1,55 |
9 | Қаратал ауылы | 1,45 |
10 | Кенарал ауылы | 1,45 |
Қаблиса ауылдық округі | ||
11 | Ақтекше ауылы | 1,45 |
12 | Көкбастау ауылы | 1,1 |
Балпық ауылдық округі | ||
13 | Ақшатоған ауылы | 1,45 |
14 | Теректі ауылы | 1,65 |
15 | Балпық би 1 аймағы (батысы республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен автожолымен, шығысы Лабасы ауылдық округінің жерімен шектеледі) | 2,2 |
16 | Балпық би 2 аймағы (шығыстан Жангелдин көшесінің батысынан республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен автомобиль жолымен шектелген) | 2,01 |
17 | Балпық би 3 аймағы (елді мекеннің шекарасына дейін бірінші және екінші аймақтарға кірмеген елді мекен бөлігі) | 1,85 |
Лабасы ауылдық округі | ||
18 | Еңбекшіқазақ ауылы | 1,55 |
19 | Жамбыл ауылы | 1,55 |
20 | Мәмбет ауылы | 1,75 |
21 | Талапты ауылы | 1,45 |
Жарлыөзек ауылдық округі | ||
22 | Жарлыөзек ауылы | 1,45 |
23 | Бозтоған ауылы | 1,2 |
24 | Мұқаншы ауылы | 1,2 |
Мұсабек ауылдық округі | ||
25 | Мұсабек ауылы | 1,55 |
26 | Мәулімбай ауылы | 1,35 |
27 | Мойынқұм станциясы | 0,9 |
28 | Бақша станциясы | 0,9 |
29 | Быжы станциясы | 0,9 |
Мұқыры ауылдық округі | ||
30 | Мұқыры ауылы | 1,75 |
31 | Қазақстанның 10 - жылдық ауылы | 1,35 |
Мұқаншы ауылдық округі | ||
32 | Көксу станциясы | 1,55 |
33 | Нәдірізбек ауылы | 1,1 |
34 | Қазақстанның 50 - жылдық ауылы | 1,3 |
35 | Мұқаншы ауылы | 1,3 |
36 | Жетіжал ауылы | 1,45 |