"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 4 тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 6-32-205 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4599 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Шокпаров |