Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы №149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 –тармақтың 1-2) тармақшасы алып тасталсын.;
1–тармақтың 1-3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1-3) кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын жетім – балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ата – анасының бірінен айырылған балаларға, жалғыз басты аналардың балаларына– тегін жолақы;";
1–тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жолақы;";
1–тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
"5) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін жолақы.".
2–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын және жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген ұзақ пайдаланылатын жол жүру карталары берілсін.".
3–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қалалық мәслихаты мен Қарағанды қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | М. Кожухов |
Төраға | А. Букенов |