Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Бүркітті ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылындағы Пионер көшесі Қазыбек би көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қырғыз ауылдық округі әкімі | Т. Жумагулов |