Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/158 "Шет аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4674 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық мәслихатының төрағасы | С. Социал |