"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арал ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 282-қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6220 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | С. Сермагамбетов |