"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. ""Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 139 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6222 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Турахметов |