"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жосалы кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жосалы кентінің атауы жоқ көшесіне Жолтай Қойшыбаев атауы берілсін.
2. Жосалы кентінің келесі көшелері:
Құдабаев № 4 көшесін Қоңырбай Тоқтаров көшесіне;
Теміржол № 1 көшесін Нажмадин Ысқақов көшесіне;
Құдабаев № 3 көшесін Жүсіп Қаратаев көшесіне;
Тәуелсіздік шағын ауданындағы № 7 көшесін Мәмбет би Бұлғақұлы көшесіне;
Батыс көшесін Сәдуақас Баймаханов көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жосалы кентінің әкімі | Ш. Сыдықов |