Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жалағаш кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі Ыбырай Алтынсарин тұйық көшесі Ақпан батыр тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш кентінің әкімі | М. Жамалатов |