"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жалағаш ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 2-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8410-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы | У. Елеусинов |