Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңақорған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Сопбеков |
Жаңақорған аудандық маслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 10 шешіміне қосымша |
Жаңақорған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлігіне жылдық норма, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,612 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,346 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,959 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,19 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,284 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,980 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,787 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,214 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,776 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,127 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары |
жоба бойынша | 0,022 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,57 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,334 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,492 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,202 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,308 |
18. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,171 |
19. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 1,152 |
20. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,06 |
21. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,249 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,158 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,409 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,743 |
25. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,964 |
26. | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 10,731 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
АЖС – автожанармай құю станциялары;
м2 – шаршы метр;
м3 – текше метр.