"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ә.Тәжібаев ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Телікөл ауылдық округі Ә.Тәжібаев ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне Жуантөбе көшесі;
атауы жоқ көшесіне Сейхұн көшесі;
атауы жоқ көшесіне Қаратау көшесі;
атауы жоқ көшесіне Қышқұдық көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Телікөл ауылдық округінің әкімі | Ә. Сәрсенбаев |