Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру тәртiбiн айқындайды.";
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша алып тасталсын;
8-1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8-1) тіркелген баға - өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;";
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";
15-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру белгіленген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.
Көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді өндіру үшін өңдеуші кәсіпорындарын қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталады.";
18 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алу үшін қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінен (бұдан әрі - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі) қалыптастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген).";
33 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"33. Облыстың жергілікті атқарушы органы ("Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны құру туралы" Маңғыстау облысы әкімінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №37-ө өкімімен құрылған Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылық талаптарының шарттарымен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
"33-1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды орындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарынан өтінімдер болмаған кезде, қарыз азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.";
35 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде көзделген тауарлардың барлық атауларын өткізу;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі
Н. Ногаев