Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласындағы және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2023 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 8/91 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қаласындағы және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№ | Аймақ | Бағалау аймақтарының шекаралары | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жаңаөзен қаласы | |||
1 | I | Жаңаөзен қаласының оңтүстік-шығыс бөлігі ("Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "ЗА", "Көктем", "Өркен", "Мұнайлы", "Рауан" шағын аудандары) | 2,0 |
2 | II | Жаңаөзен қаласының орталық бөлігі (өнеркәсіптік аймақ, соның ішінде өндірістік объектілердің жерлері) | 1,8 |
3 | III | Жаңаөзен қаласының оңтүстік-шығыс бөлігі ("Арай", "Мамыр", "Бостандық", "Ақбұлақ", "Астана", "Бәйтерек" шағын аудандары) | 1,5 |
4 | IV | Жаңаөзен қаласының оңтүстік бөлігі (индустриялық аймақ жерлері және "Жетібай-Жаңаөзен-Фетисов-Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түрікменбашыға)" автомобиль жолына екі жағынан iргелес жатқан 500 метр жол бойындағы белдеулер) | 1,2 |
5 | V | Жаңаөзен қаласының шығыс, солтүстік және батыс бөліктері (ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өзге де пайдалану режиміндегі жерлер) | 1,0 |
Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылы | |||
6 | I | Қызылсай ауылының солтүстік және батыс бөліктері (тұрғын, әлеуметтік, коммерциялық аймақтар және өнеркәсіптік және резервтік аймақтарының бөліктері) | 1,5 |
7 | II | Қызылсай ауылының орталық бөлігі (өнеркәсіптік аймақ жерлері) | 1,2 |
8 | III | Қызылсай ауылының солтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктері (ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өзге де пайдалану режиміндегі жерлер) | 1,0 |
Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы | |||
9 | I | Теңге ауылының солтүстік-шығыс бөлігі (селитебтік аймақ жерлері (тұрғын аймағы) | 1,5 |
10 | II | Теңге ауылының солтүстік-шығыс бөлігі (өнеркәсіптік аймақ, соның ішінде өндірістік объектілердің жерлері, аймақтың шекарасы "Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау" магистральдық газ құбырының бойымен "Жетібай-Жаңаөзен-Фетисов-Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түрікменбашыға)" автомобиль жолының екі жағынан iргелес жатқан 500 метр жол бойындағы белдеуге дейін өтеді) | 1,2 |
11 | III | Теңге ауылының батыс, шығыс, оңтүстік және орталық бөліктері (ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өзге де пайдалану режиміндегі жерлер) | 1,0 |
Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы | |||
12 | I | Рахат ауылының орталық, солтүстік бөліктері (тұрғын, әлеуметтік, коммерциялық аймақтар және өнеркәсіптік аймақ бөлігі) | 1,5 |
13 | II | Рахат ауылының солтүстік, шығыс және жартылай орталық бөліктері (аймақ шекаралары оңтүстік бөлігінде "Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау" магистральдық газ құбырымен, солтүстік бөлігінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қалашығының шекарасымен, шығыс бөлігінде Жаңаөзен қаласының шекарасымен шектеседі) | 1,2 |
14 | III | Рахат ауылының оңтүстік бөлігі (ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өзге де пайдалану режиміндегі жерлер, аймақ шекаралары солтүстік бөлігінде "Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау" магистральдық газ құбырымен, оңтүстік бөлігінде Жаңаөзен қаласының шекарасымен шектеседі) | 1,0 |