Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 14/166 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3573 болып тіркелген);
2) 2022 жылғы 25 ақпандағы № 11/95 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі №14/166 шешіміне өзгерістер енгізу туралы".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |