Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 108-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3934 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
6 | KR-MU-6 | Қызылтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінен Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің"№2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейінгі автомобиль жолы | 2 |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкіміЕ. Кумискалиев |