Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 31.05.2024 № 16/97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 21/244 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2431 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Билялов |