"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 15 ақпандағы | |
№ 62 қаулысына | |
1-қосымша |
2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Күнбағыс | 22 000 |
2 | Қарақұмық | 15 700 |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 15 ақпандағы | |
№ 62 қаулысына | |
2-қосымша |
2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге | |
1 | Жергілікті бюджет | 1 130 404,0 |