"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бейімбет Майлин ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынымы бойынша облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 тамыздағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Набережный ауылдық округі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Набережный ауылдық округінің Елизаветинка ауылы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылдық округінің Байшуақ ауылы болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |