Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 53, 54 жолдармен толықтырылсын:
"
53 | "Лисаков қаласы - Октябрь кенті" (қалалық (Лисаков қаласы)) |
54 | "Лисаков қаласы – Сады 1, Сады 2" (қалалық (Лисаков қаласы)) |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |