Қазақстан Республикасы Жер кодесінің 8-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арқалық қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Елтебаева |
Арқалық | |
қалалық мәслихатының | |
2023 жылғы 27 маусымдағы | |
№ 35 шешіміне | |
қосымша |