Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Лисаков қалалық мәслихатының "Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25500 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің 1-қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысының төрайымы | К. Мухамадиева |