Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Алтынсарин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7729 номерімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мусапирова |